«Жарақаты бар еді». OCTAGON басшысы Бекзат Алмаханның UFC-дегі жеңілісі жайлы пікір білдірді

28 Сәуір, 18:52 85

OCTAGON лигасының негізін қалаушы, спорт менеджері Нұраддин Садықов Бекзат Алмаханның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Садықов Алмаханның дебюттық айқасында жеңіліс табуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

– Жалғас Жұмағұлов Бекзаттың жеңілетіні анық деген пікір айтып еді. Бекзат Алмахан бұл айқасқа қаншалықты дайын болды?

– Кімнің де болса пікір білдіруге құқығы бар. Бекзат осал спортшы емес, ол моральдық тұрғыда UFC-де жүргеніне біраз болды. Бұл жерде бірнеше мәселе бар. Біріншіден, оның жарақаты бар еді, сондықтан мен оның бұл айқасқа шығуын аса құптаған жоқпын, тек өзі тұрып алды. Екіншіден, виза мәселесі шешілмей қала ма деген қауіп болды. Оның бәрі уайым. Тиісінше жергілікті климатқа бейімделіп үлгермейтінін мен жақсы білдім. Үшіншіден, ол айқастан бірер күн бұрын ғана ұшып келді де, сол күні ұйқылы-ояу жүрді. 14 сағат айырмашылық бар, ол ұйықтайтын уақытта төбелеске шықты, адамның физиологиясын бірден өзгерту мүмкін емес. Ісіп кеткен аяғымен барды, ешқандай массаж да көмектеспеді. Ол мұндайды ешқашан көрмеген, тиісінше 14 сағаттық жолдан соң айқасқа шығу дегеннің не екенін білмеді. Ол өзінің күшіне сенді, қылқындырып ұтамын деген жоспары болды. Негізі оның оған шамасы жететін.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: