22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыРежиссер Эмир Байғазиннің «Жаралы періште» атты картинасы Оңтүстік Кореяда өтетін Чонджу халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысатын болды. Бұл фильмнің ақпан айында Берлинде өткен әлемдік премьерасынан кейінгі азиялық тұсаукесері болмақ.
Бағдарламаға қазақстандық картинадан бөлек, Испания, Эфиопия, Грекия, Голландия, АҚШ, Франция, Германия, Чили және Израиль елдерінің режиссерлері түсірген фильмдер енген. Фестивальдің баспасөз баяндамасында «жас режиссерлердің туындыларында батыл интерпреция бар» деп көрсетілген.
«Жаралы періште» – Байғазиннің жасөспірім кезеңдегі қиындықтар тақырыбын көтерген трилогиясының екінші бөлімі. Бұл жоба қазірдің өзінде "Берлин кинонарығы – 2014" байқауында неміс-француз «ARTE» телеарнасының жүлдесін, Сараевода өткен ХХ халықаралық кинофестивальде «Work in Progress» арнайы бағдарламасының басты сыйлығын жеңіп үлгерді. Трилогияның алғашқы бөлімі – «Асланның сабақтары» осыдан үш жыл бұрын Берлинде таныстырылып, «Күміс аю» сыйлығы мен «Моргенпост» газетінің жүлдесін жеңіп алған болатын.
Чонджу халықаралық кинофестивалі 2000 жылы құрылған. Даррен Аронофски, Алехандро Иньяриту, Бела Тарр, Ульрих Зайдль, Лоран Канте секілді талантты режиссерлердің тырнақалды фильмдері кезінде осы шарада көрерменге ұсынылған екен.
Биыл өтетін кезекті фестивальдің қазылар алқасының құрамында француз кинотанушысы Жан-Франсуа Рожер, канадалық режиссер Дени Коте, кореялық актер Чун Чэйоун және сценарийші Ох Сынвоок бар.
Роза СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев