Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Жас әнші, актриса Сара Амангелді болашақ жарына талабы жоғары, бірақ өздері қыздың жүрегін жаулауға ұмтылмайтын жігіттерді сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маған қатын болатын қыз керек. Жігіттерге нәзік, шетел көрген, оқыған, әдемі қазақ қызы керек екен. Таза, әке-шешесіне қарайтын қыз іздейді. Бірақ өздері бір құшақ гүл алып беруге жарымайды. Сондай жігіттерге қарасам күлкім келеді, - деді ол.
Әншінің айтуынша, ол өзіне ұнаған жігітке қарызға ақша алып сыйлық жасаған, ал ол тіпті гүл де сыйламапты. Бойжеткен мұндай жігіттер соңында өзіңді кінәлі етіп те қояды деп отыр.
Оқи отырыңыз:
Бұрын мен өзім ұнататын жігітке қарызға алып, анамнан «қыдырамын» деп ақша алып, ол ақшаны жинап, белдік сыйладым. Ол маған «рахмет» деп қана айтты. Не гүл бермейді. Мен оны қатты жақсы көрдім, көп нәрсе жасағым келетін. Бірақ соңында дұрыс істемеген мен кінәлі болып шықтым. Осыдан кейін «Кім кінәлі? Ол ма әлде мен бе?» деп ойланып қаласың, – дейді Сара.
Актриса үйленген әйелдерін үйіне қамап қойып, өзлері жарының көзіне шөп салатын ер азаматтарға да шүйлікті. Олар өздерінің бұл әрекетін арада сезім қалмағанымен түсіндіреді екен.
Әйелін тұмшалап, намаз оқытып үйде отырғызып қояды. Бірақ өзі ұятсыз қыздарға жазатын қаншама жігітті көргенмін. Әділдік қайда? Ұят болуы керек, – дейді ару.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд