1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіWhatsApp-та әлемде дәл 40 күн бойы ауа температурасы Цельсий бойынша 50 градусқа дейін көтерілетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Stopfake.kz сайты ақпаратты жоққа шығарды.
Мұндай ауытқушылықтар әр 60 жыл сайын болып тұрады екен. Бұл жалған.
Ең алдымен хабарламада қолданылған терминологияға назар аударған жөн. Онда «мысық күндері» туралы жазылған. Метеорологияда да, климатологияда да мұндай термин жоқ.
Сондай-ақ хабарламада нақты ауа температурасының 50 градусқа дейін көтерілетіні болжанып отырған аймақтар көрсетілмеген. Бір уақытта Жердің барлық континентінде мұндай жағдайдың орын алуы екіталай. Мұндай күмәнді пікірлер хабарламаның фейк екендігінің белгісі. Уақыт пен географиялық белгілердің болмауынан оны кез келген жерде және кез келген уақытта таратуға болады.
Әр 60 жыл сайын қайталанатын 40 күн бойы болатын аптап ыстық туралы теорияға келетін болсақ, оны Желіде оңай тексеруге болады. Шын мәнінде, ауа температурасының көтерілуі тұрақты әрі алпыс жыл сайын орын алмайды. Соңғы жылдары әлемде рекордтық жоғары температура жиі тіркелуде. Мәселен, 2022 жылы Еуропада ыстық болды, ал 2023 жылы температураның рекордты көрсеткіштері Азия елдерінде тіркелуде.
Мұның себебі – Жердегі климаттың өзгеруі. Парниктік газ шығарындыларының көп болуына байланысты планетамыздың бетіндегі температура жоғарылайды.
Демек, таралған ақпарат фейк және оған сенбеген жөн.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?