Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке қалай тұрмысқа шыққаны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов үйлені үшін өзінің беделін пайдаланғанын да жасырмады.
Мен ол кісінің есігін қағып, босағасына барып «Мені алшы» деп жалынған емеспін. Тіпті ол кісіге ғашық та болмағанмын. Жақсы да көрген жоқпын. Зәкең өзі дегенін жасап, қалауын орындады. «Шешең берсе де, бермесе де аламын» деді. Қолында билігі болды. Айналасында біз қорқатын адамдар болды. Алғаш кезде біз ол кісіден қорықтық. Кейін барып, сыйластық орнады. Ал Зәкең орнынан түсіп қалғанда, мен де кетіп қалсам, халық шулайтын еді. «Бастық болғанда қатыны болып еді, биліктен кеткенде Мақпал да кетіп қалды» деп сөгетін еді. Қиын сәтте жанында қалдым. Екеуміз де әкесіз өстік. Ол да мен сияқты қайыршы болатын. Билік те қолдан кетті. Байлығы да болмады. Ол жақпен өштесетіндей жалғыз Зәкең емес екі қатын алған. 10 қатын да алып жатқандар бар. 1991 жылы шаңырақ көтердік, 1998 жылы заңды некеге тұрдық. Кейде ашуланып келгенде, «Ұрпағыңыз бар, барыңыз сол жаққа» деп айтамын. «Жоқ, қайтпаймын» дейтін. Мен ол кісінің жолын байлаған жоқпын, – деді халық әртісі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді