7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Банктер фискалдық бақылау үшін деректер ұсынатын болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қаржы министрлігі мобильді аударымдар арқылы 1 миллион теңгеден астам қаражат алған жағдайда міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет деген ақпаратты жоққа шығарды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Тексеру мына жағдайларда ғана жүргізіледі:
қаражат үш ай қатарынан 100 және одан да көп түрлі тұлғадан түскен жағдайда;
жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан (шамамен 1 миллион теңге) асқан кезде.
Осы жағдайда ғана азамат салықтық бақылауға алынады. Екінші деңгейлі банктер мұндай деректерді фискалдық бақылау үшін ұсынады. Біз жеке тұлғалардың есепшоттарын жаппаймыз. Аталған шығындар бойынша хабарлама жолдап, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет пе, әлде қайырымдылық көмек басқа жағдайлар бар ма, соның барлығы ескеріледі. Есепшоттарды автоматты түрде жабу қарастырылмаған, - деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтегі брифинг барысында.
Сондай-ақ ол мобильді аударымдар арқылы 1 миллион теңгеден астам қаражат алғандар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Бұл – жалған ақпарат. Сондықтан әдейі жалған мәлімет тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертемін. Ақпаратты мұқият тексеру қажет. Бұл жаңалық қоғамда кең талқыланды, түрлі пікір туындады. Алайда аталған мәлімет шындыққа жанаспайды, – деді вице-министр.
Оның айтуынша, Қаржы министрлігі мұндай жалған ақпаратты бақылап отыр және олар бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауға дайын.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?