18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Жапонияның ауыл шаруашылығы министрі Таку Это күрішті ешқашан сатып алмағанын айтып, қоғамның наразылығын тудырғаннан кейін отставкаға кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таку Это өткен демалыста өткен қайырымдылық шарасында:
Мен ешқашан күріш сатып алған емеспін. Жақтастарым маған сонша көп күріш сыйлайды, тіпті сатып пайда табуға болар еді, – деп мәлімдеген.
Министрдің бұл сөзі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында сынға ұшырап, әсіресе соңғы бір жылда күріш бағасы екі есеге қымбаттап, жұртшылық оны қол жеткізуге қиналып жатқан тұста қатты резонанс тудырды.
Таку Это журналистерге «Мен премьер-министр Фумио Кисидаға отставка туралы өтінішімді тапсырдым» деп мәлімдеді.
Жапония үкіметі жыл басында күріш бағасын тұрақтандыру мақсатында төтенше қордан 300 мың тонна өнім бөлген болатын. Алайда бұл шара айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Бағаның шарықтауына 2023 жылғы аптап ыстық салдарынан күріштің аз өнім беруі және 2024 жылы болуы мүмкін «мегажерсілкінісіне» байланысты халықтың жаппай қор жинауы әсер етті.
Қазіргі таңда елдегі супермаркеттерде бес келі күріштің орташа бағасы 4 268 иенге (шамамен 15 143 теңге) жетіп отыр – бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр