Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖапониядағы Кансай халықаралық әуежайына су астында қалу қаупі төніп тұр. Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл әуежай Осака шығанағында орналасқан екі жасанды аралда салынған. 20 миллиард доллар тұратын жоба 1994 жылы іске қосылған. Қазіргі уақытта әуежай жылына 30 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Ол Жапонияның материктік бөлігімен 3,75 шақырымдық көпір арқылы байланысқан.
Аэропорттың конструкторлары жобалау және салу кезінде тіпті жер сілкінісін де ескерген – ұшу-қону жолағы арнайы асфальтобетон қоспасынан төселіп, майысуға және деформацияға төтеп бере алады. Алайда ең үлкен мәселе – әуежайдың салмағы. Оның ауырлығы теңіз түбіндегі лай мен балшыққа қысым түсіріп, жер асты шөге бастаған, – деп жазады басылым.
Алғашқы жылдары инженерлер әуежай 50 жыл ішінде шамамен 8 метрге төмендейді деп болжаған. Алайда бұл көрсеткіш нысан ашылған сәтте-ақ асып кеткен. Бүгінде әуежай 11,5 метрге шөгіп кеткен, ал 2056 жылға қарай нысан толығымен су астында қалуы мүмкін.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек