7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Иокогама қаласында Nissan Serena маркалы минивэндерді қолданатын жүргізушісіз такси жобасының сынақ кезеңі басталады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тестілеу 2025 жылдың қарашасынан бастап 2026 жылдың қаңтарына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде бес автономды көлік мегаполистің үш ауданында қатынайтын болады, ал олардың жұмысын қадағалау үшін «PLOT48» деп аталатын арнайы қашықтан бақылау орталығы құрылады. Бұл туралы автоконцерннің ресми сайтында хабарланды.
Пилоттық жобаның қатысушылары:
Nissan Motor Co., Ltd. – сынақты жоспарлау мен өткізуге, сондай-ақ көліктерді жеткізу және пайдалануға жауапты;
BOLDLY Inc. – жүргізушісіз жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қашықтан мониторинг платформасын ұсынады;
Premier Aid Inc. – салондағы жағдайды бақылайды және төтенше жағдайларда жолаушыларға көмек көрсетеді;
Keikyu Corporation – жоба аясында тасымалдау қызметінің басқару және операциялық процестерін дамытады.
Тестілеу қалай өтеді
Бағдарламаға 300 адам қатысады. Олардан кері байланыс алу үшін жүргізушісіз таксиді сынақ кезеңінде тегін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Дегенмен көліктер әзірге тек 26 аялдамадан тұратын бір бағытта ғана жүреді.
Компания 2027 қаржы жылының басында сервисті коммерциялық түрде іске қосуды жоспарлап отыр.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?