30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыTokyo Metropolitan University (TMU) шетел азаматтарын Tokyo Global Partner Scholarship Program (Tokyo GP) стипендиялық бағдарламасына қатысуға шақырады. Бағдарлама дарынды студенттерге Жапонияда магистратура немесе докторантура бағдарламалары бойынша білімін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінен перспективалы студенттерді тартуға, сондай-ақ халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Tokyo GP бағдарламасы аясында оқуға түсу жарнасы мен оқу ақысы, халықаралық әуе билеттерінің шығындары толық өтеледі, сондай-ақ ай сайын 150 000 жапон иенасы мөлшерінде стипендия төленеді.
Бағдарламаға Азия елдері мен өңірлерінде білім алып жатқан TMU-дың серіктес университеттерінің студенттері, сондай-ақ тиісті елдердегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен компаниялардың қызметкерлері қатыса алады.
Білім беру Science, Urban Environmental Sciences, Systems Design, Human Health Sciences және басқа да бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар жекелеген білім беру бағдарламалары тек жапон тілінде оқытылады.
Бағдарламаға қатысу үшін:
1. Tokyo Global Partner Scholarship Program бағдарламасының ресми сайтына https://www.ic.tmu.ac.jp/tokyogp/en/index.html өту.
2. Tokyo Metropolitan University құрамындағы Graduate School-ды таңдау. Таңдау білім алғысы келетін бағытқа сәйкес жүзеге асырылады.
3. Master’s немесе PhD деңгейіндегі білім беру бағдарламасын таңдау.
Магистратураға түсу үшін бакалавр дәрежесі, ал докторантураға түсу үшін магистр дәрежесі немесе оған теңестірілген біліктілік қажет.
4. Tokyo GP бағдарламасының белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеру. Үміткердің GPA көрсеткіші кемінде 2,30 болуы тиіс. Сонымен қатар ағылшын тілін CEFR бойынша B2 немесе одан жоғары деңгейде меңгергенін тиісті біліктілік құжаты немесе сертификаттық тест нәтижесі арқылы растауы не жапон тілін JLPT бойынша N2 немесе одан жоғары деңгейде білуі қажет. Бұдан бөлек, үміткер бағдарламаның аумақтық және серіктестік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Таңдалған Graduate School-дың Application Guidelines құжатымен танысу. Құжатта қажетті құжаттар тізімі, өтінім беру мерзімдері мен тәртібі көрсетіледі. Талаптар мен мерзімдер Graduate School және таңдалған білім беру бағдарламасына қарай ерекшеленуі мүмкін.
6. Өтінімді таңдалған Tokyo Metropolitan University Graduate School-ына белгіленген тәртіппен және көрсетілген мерзімде беру. Іріктеу және қабылдау рәсімінен өту.
7. Үміткер тиісті Graduate School белгілеген іріктеу кезеңдерінен өтеді. Іріктеу форматы мен талаптары таңдалған бағдарламаның Application Guidelines құжатында көрсетіледі.
8. Іріктеуден сәтті өткен жағдайда стипендия алу. Tokyo GP бағдарламасы қабылдау (емтихан) жарнасынан, оқуға қабылдау жарнасынан және оқу ақысынан босатуды, ай сайын 150 000 иен мөлшерінде стипендия төлеуді, сондай-ақ оқу аяқталғаннан кейін Жапонияға бару және кейін елге қайту үшін әуе билеттерінің ақысын өтеуді көздейді. Сонымен қатар университет тұрғын үй іздеуге қолдау көрсетеді.
Қаржыландыру мерзімі магистратура бағдарламалары үшін 2 жылға дейін, PhD бағдарламалары үшін 3 жылға дейін беріледі.
Оқу 2027 жылғы 1 сәуірде басталады. Құжаттарды тапсырудың нақты мерзімі таңдалған Graduate School-ға байланысты белгіленеді және тиісті Application Guidelines құжатында көрсетіледі.
Қатысу шарттары, қолжетімді білім беру бағдарламалары және өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат Tokyo Metropolitan University ресми сайтында https://www.ic.tmu.ac.jp/tokyogp/en/index.html орналастырылған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды