Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) әзірлеген жапондық «Epsilon S» зымыран тасығышы бүгін сынақ кезінде жарылып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Kyodo сайтына сілтеме жасап.
Зымыран тасығыш іске қосылып, көкке көтеріле бастаған бірінші минутта жарылған.
Мәлім болғандай, аталған сынақты өткізілген «Noshiro Testing Center» қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
«Epsilon S» - бұл JAXA әзірлеген ғарыш-спутниутік «Epsilon» зымыранының жетілдірілген нұсқасы.
Осы типтегі алғашқы ракета 2013 жылы ұшырылған. Былтыр көкке көтерілген «Epsilon-6» жоспарланған траекториядан ауытқып, кейін ол жасанды жарылыс арқылы жойылған еді.
Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі «Epsilon S» зымыранын ұшыруды келер жылға шегерді. Өйткені онда да Epsilon-6 сияқты жанармай багы қолданылады.
Негізінен «Epsilon» сериялы зымырандары қатты отынды пайдаланады. Сондықтан оның сұйық отынмен жұмыс істейтін ракеталарға қарағанда ұшуға дайындалу процесі күрделі емес.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары