12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік3 шілдеде Жапонияның оңтүстік-батысында қатты нөсерден көпір қирады. Кумамото қаласының 360 мың тұрғыны эвакуация туралы хабарлама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Kyodo-ның мәліметінше, Жапония метеорологиялық агенттігі қатты нөсер мен найзағай сейсенбіге дейін жалғасатыны туралы ескертті және тұрғындарды ықтимал көшкін мен сырғымаға байланысты абай болуға шақырды.
Кумамото префектурасының Ямато және Машики кенттерінде жауын мөлшері сағатына 82 мм және 80 мм жетті. Бұл шілдеде осы аймақ үшін рекордты көрсеткіш.
Жергілікті биліктің айтуынша, қатты жаңбырдан Ямато кенті арқылы ағып өтетін шағын өзеннің үстіндегі 37 метрлік бетон көпір опырылып түскен. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер