23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жапонияның тағам және сусын өндірісі саласындағы ірі компаниясы Asahi Group 2023 жылғы қыркүйекте болған кибершабуыл салдарынан 1,9 миллион адамның жеке деректері қауіпке ұшырауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Компанияның мәліметінше, қауіп деректерге қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ клиенттік қызмет көрсету орталықтарына жүгінген адамдардың деректері әсер еткен болуы мүмкін. Дегенмен, несиелік карта деректері қауіпке ұшырамаған, бірақ есімдері, тұрғылықты мекен-жайлары, электрондық пошта және телефон нөмірлері қол жетімді болған ықтимал деп көрсетілген.
Кибершабуыл салдарынан қыркүйек айының соңында Asahi кей сусындардың жеткізілімін тоқтатуға мәжбүр болды. Сонымен қатар компания Жапониядағы 30 зауыттың көбінде өндірісті уақытша тоқтатты, тапсырыстарды қабылдау мен жеткізу жүйесіне және колл-орталықтардың, соның ішінде тұтынушыларды қолдау желілерінің жұмысына кедергі келтірді. Жапон билігі бұл шабуылдың қорқытып, ақшалай талап қою мақсатында жасалғанын хабарлады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік