23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖапонияда ұлттық валюта – иенге толықтай байланған әлемдегі алғашқы стейблкоин ресми түрде айналымға енгізілді. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Мақалада атап өтілгендей, стейблкоин шығаруды JPYC Inc. компаниясы бастаған. Цифрлық валюта ішкі резервтер мен Жапонияның мемлекеттік облигацияларының қамтамасыз етуімен қолдау тапқан.
Стартаптың жоспары бойынша, алдағы үш жыл ішінде 10 триллион иенге (шамамен 66 миллиард доллар) дейін цифрлық активтер айналымға шығарылады.
Пайдаланушылар бұл стейблкоиндерді комиссиясыз аударып, ал компания инвестицияланған қаражаттан пайыздық табыс табуды көздейді.
Жапония банкінің бұрынғы басшысы Томоюки Симоданың пікірінше, иенге байланған стейблкоиндердің кеңінен таралуы уақыт алады, әрі олар долларға бекітілген активтермен бәсекелесе алмайды.
Ал Жапония банкі төрағасының орынбасары Рёдзо Химино стейблкоиндердің жаһандық төлем жүйесіне ықпал етіп, дәстүрлі банктік депозиттердің орнын ішінара басуы мүмкін екенін атап өтті.
Халықаралық есеп айырысу банкінің дерегінше, бүгінде әлемдік нарықтағы стейблкоиндардың 99 пайыздан астамы долларға байланған, ал глобалды стейблкоин нарығының көлемі шамамен 247 миллиард долларды құрайды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады