Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖапонияның BWTC компаниясы еріктілердің ми толқындарын сатып алып, оларды бірегей көркем туындыларға айналдырып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.
Токионың Тиеда ауданындағы BWTC Metaverse Store дүкенінде «ми толқындарын сатып аламыз» деген жарнама ілінген. Кез келген адам ми белсенділігін сканерлеу процедурасынан өте алады. Бұл қызмет құны — 1 000 иен (шамамен 3000 тг).
Қатысушыға арнайы нейросигналдарды қабылдайтын құрылғы кигізіледі. Содан кейін ерікті демалуы керек: кітап оқу, видео көру немесе музыка тыңдау сияқты әрекеттерге рұқсат етіледі. Деректерді жинау 100 секундқа созылады. Осы уақыт ішінде ми белсенділігі тіркеліп, нақты уақытта визуалды кескінге айналады — нәтижесінде ол көркем туынды ретінде дайын болады.
Ми толқындары негізінде жасалған бұл бірегей суреттер кейіннен сатылымға шығарылады. Бағасы бірнеше факторға байланысты: ми толқындарының формасы мен қайталанбастығы, адамның эмоционалды күйі және суреттің визуалды ерекшелігі. Мысалы, қатысушы трамвай бейнесін көріп отырған сәтте жасалған туынды 14 000 иенге бағаланған.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл бастама адамдарға өз ойларын ерекше форматта көруге мүмкіндік беретін жаңашыл жоба ретінде қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі таңда жоба тек Токио аясында ғана емес, Жапонияның басқа аймақтарында және шет елдерде де жүзеге асырыла бастады.
Бұған дейін миға орны толмас зиян келтіретін тағамдар туралы жазған едік.
Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды