Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОқиға Вакаяма қаласының балық аулау портында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
NHK мәліметінше, Жапония премьер-министрі Фумио Кисида жергілікті тұрғындар алдында сөз сөйлеуге шыққан. Сол сәтте оның мінберінің маңынан жарылыс дыбысы естіліп, ол жер ақ түтіннен көрінбей қалған. Премьер-министр шұғыл түрде эвакуацияланды.
Құқық қорғау органдары оқиға орнынан күдікті ер адамды тұтқындады. Белгісіз ер адам саясаткерге цилиндр түріндегі күміс зат лақтырған. Жиналғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Кисида сонда да түстен кейін Вакаямада халық алдында сөз сөйлеуге шығатынын хабарлады.
Естеріңізде болса, осыған ұқсас жағдай 2022 жылдың 8 шілдесінде Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэмен болған. Нара қаласында Либералдық-демократиялық партияны қолдап сөз сөйлеп тұрған сәтте Абэге Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің бұрынғы теңізшісі Тецуя Ямагами екі рет оқ атып, ол кеуде мен мойын тұсынан ауыр жарақат алды. Өкінішке қарай, саясаткер көз жұмды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?