Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кеткенін мәлімдеді. Бұл шешім оның жетекшілігіндегі Либерал-демократиялық партияның парламенттік сайлауда жеңілуінен кейін қабылданған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Журналистердің жазуынша, Исибаның бұл қадамы билеуші партия ішіндегі алауыздықты болдырмауға бағытталған.
Премьер-министр жексенбі күні өткен баспасөз мәслихатында өзінің қызметінен кетуіне АҚШ-пен сауда келіссөздерінің сәтті аяқталуы да әсер еткенін атап өтті.
Айта кетейік, жазда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Жапонияға қысым жасап, 1 тамызға дейін сауда келісіміне келуді талап еткен еді. Егер келісімге қол жеткізілмесе, Жапонияның ең ірі экспорттық нарығына 25 пайыздық тариф енгізілетіні ескертілген.
Исибаның сөзінше, ол премьерлік қызметіндегі басты міндет ретінде жапон-америкалық сауда мәселесін реттеуді көздеген. Өткен аптада Вашингтонмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған соң, ол отставкаға кету жөнінде шешім қабылдаған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары