Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖапонияға баруды жоспарлаған қазақстандықтар үшін виза рәсімдеу тәртібі өзгереді. 23 қыркүйектен бастап елшілікке құжат тапсыратын азаматтар алдымен нөмірлік талон алуы керек.
Бұл өзгеріс елшілікке келетін азаматтардың кезегін реттеу үшін енгізіліп отыр. Визаға құжат тапсырғысы келетін азаматтар өтініш қабылданатын күні елшіліктің күту залына келіп, сағат 09:30-дан бастап нөмірлік талон алуы керек.
Талон алған адам сол күні визаға құжат тапсыруға мүмкіндік алады. Дегенмен талон белгілі бір уақытқа белгіленген қабылдауды білдірмейді. Құжаттар бұрынғыдай тірі кезек тәртібімен қабылданады. Мысалы азамат талонды таңертең алып, кезегін күтіп, құжаттарын қабылдау терезесіне тапсыра алады.
Талонды басқа күні пайдалануға болмайды
Елшілік нөмірлік талонның тек берілген күні жарамды екенін ескертті. Сондықтан оны келесі күнге қалдыруға немесе басқа күні құжат тапсыру үшін пайдалануға болмайды. Ал виза бойынша дайын нәтижені алу кезінде нөмірлік талон қажет емес.
Белгілі бір санаттағы өтініш берушілер құжаттарын талонсыз тапсыра алады. Оларға:
Қай күндері барған дұрыс?
Елшілік дүйсенбі мен жұма күндері келушілер саны көп болатынын атап өтті. Осыған байланысты азаматтарға мүмкіндік болса, аптаның басқа жұмыс күндерін таңдауға кеңес берілді.
Осылайша, 23 қыркүйектен бастап Жапония визасына құжат тапсыратын қазақстандықтар елшілікке бармас бұрын жаңа тәртіпті ескеріп, сол күні нөмірлік талон алуы қажет.
Нөмірлік талонның болуы құжатты бірден тапсыруға кепілдік бермейді – қабылдау тірі кезек бойынша жүргізіледі.
Бұған дейін Қытайға кіру ережесі өзгергенін жазғанбыз.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды