23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖапондық сарапшылар Қазақстанның 4 облысында 13 гидротехникалық нысанды тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жапондық мамандар Қазақстанның 4 облысында 13 гидротехникалық нысанның жұсымына куә болды. Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада, Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) су ресурстарын басқару жөніндегі аға кеңесшісі Самбэ Нобуо және жоба үйлестірушісі Айя Ито Ақтөбе облысына барды. Шетелдік сарапшылар жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
JICA мамандары су тасқыны кезінде үлкен көлемде су қабылдаған Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы су шаруашылығы нысандарын зерттеді. Атап айтқанда, Сілеті, Шағалалы, Астана, Шоқай, Самарқанд, Ынтымақ, Бітік, Дөңгелек, Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймалары мен Астананың қорғаныс бөгеті мен Преображенский су торабына барды.
Жапониялық делегация Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймаларының гидротехникалық құрылыстарын аралады. JICA мамандары күрделі зақымдану таппады. Тексеріс нәтижесі мен анықталған олқылықтарды жою жөнінде ұсыныстар Су ресурстары және ирригация министрлігіне берілді, - деді Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Ринат Шауенов.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады