Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖапониялықтар Қазақстанды су тасқыны маусымына дайындауға көмектеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай мәміле Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада арасында жасалды.
Бұл бастаманы JICA Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің өкілдері қолдады. Жапониядан келген сарапшылар Қазақстанның төрт облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты тексереді. Мамандар қазірдің өзінде гидротехникалық құрылыстарды қарап жатыр. Олар Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Абай облысындағы нысандарды зерттеді.
Біз олардың жай-күйін мұқият зерделеп, осал тұстарын анықтап, оларды жою жөнінде алдын ала шаралар қабылдауымыз керек, - деп атап өтті Нұржігітов.
Тараптар су тасқынымен тиімді күресу үшін құрылыстарды автоматтандыру мен цифрландыруды талқылады. Атап айтқанда, су ағызу деңгейі мен көлемін анықтау үшін датчиктерді орнату туралы сөз болды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?