22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖапондық Suntory компаниясы адамның іш майын азайтуға көмектесетін ерекше су түрін таныстырды. Бұл туралы Oddity Central басылымы жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Special Water деп аталатын жаңа өнім сырттай кәдімгі минералды суға ұқсайды: дәмсіз, иіссіз, калория, қант және кофеинсіз. Алайда ол Жапонияда ресми түрде «функционалды тағам» ретінде тіркелген. Бұл мәртебе өндірушіге ғылыми зерттеулермен дәлелденген денсаулыққа пайдалы қасиеттері бар екенін ресми түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Негізгі ерекшелігі — HMPA затының болуы. Бұл ферменттелген күріш кебегінен алынған төмен молекулалы метаболит. Клиникалық сынақтар нәтижесінде HMPA тұрақты түрде қолдану адамның іш аймағындағы майды тиімді азайтып, әсіресе денсаулыққа қауіпті висцералды майдың деңгейін төмендететіні анықталған.
Suntory компаниясының өкілдері Special Water-ды ең алдымен кеңсе қызметкерлері мен аз қимылдайтын өмір салтын ұстанатын адамдарға арналғанын атап өтті. Өнімнің мақсаты – рацион мен күн тәртібін түбегейлі өзгертпей-ақ денсаулықты сақтауға көмектесу.
Компания мәліметінше, бұл суды үнемі ішу іш майын азайтып, жалпы дене пішінін жақсартуға ықпал етуі мүмкін.
Осылайша, жапон инженерлері мен диетологтары «салмақ тастау үшін тер төгудің қажеті жоқ» дәуірге тағы бір қадам жасады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев