23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан делегациясы Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштері Бас әскери медициналық басқармасының ұйымдық-штаттық құрылымын, оның құрамы мен орындайтын міндеттерін зерделеді.
Жапон тарапы арнайы медициналық оқу-жаттығуларды өткізу, төтенше жағдай кезіндегі әскери дәрігерлердің қызметі, БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларындағы тәжірибесін бөлісті.
Қазақстандық мамандарға далалық мобильді кешен мен бітімгерлік госпиталінің жабдықталуы таныстырылып, жаралыларды көшіру ережелері айтылды. Жапондық әскери дәрігерлермен бірге симуляциялық технологияларды қолдану арқылы ота жасады.
Сондай-ақ олар білім беру мекемелерінде де болып, Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштерінің медициналық мамандарын даярлау жүйесімен және оқу орындарының материалдық-техникалық базасымен танысты.
Жапония Қорғаныс министрлігіндегі кездесу соңында тараптар әскери медицина, білім мен ғылым, радиологиялық, химиялық және биологиялық қорғау, бітімгершілік миссиялары саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі талқылап, келесі жылға арналған өзара іс-қимыл жоспарын белгіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады