2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЖапонияда сырға салған қазақ отбасы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желілерде Жапонияда өткен сырға салу рәсімінің видеосы қызу талқылануда. Видеода қазақ отбасы жапон қызының үйіне барып, ұлттық дәстүр бойынша құда түсіп, құлағына алтын сырға тағады. Бұл рәсім қазақ халқында қыз бен жігіттің ресми түрде сөз байласқанын білдіреді.
Диас есімді жігіттің анасы бұл – отбасы үшін маңызды қадам болғанын айтып, дәл осы дәстүрді сақтау үшін арнайы Жапонияға барғандарын жеткізген.
Желі қолданушыларының басым бөлігі қуаныштарын білдіріп, түрлі пікір жазған. Әсіресе ер адамдар әзіл-шыны аралас жазбалар қалдырған:
«Енді Toyota біздікі», «Келін әдемі екен», «Жастарға бақыт тілейміз!»
Дегенмен, пікірлердің бәрі бірдей жылы қабылданбады. Кейбір қазақстандық әйелдер бұл жағдайға таңданыспен қарап:
«Неге қазақ қыздары шетелдікке тұрмысқа шыққанда осылай қуанбайсыздар?», «Қазақтың қыздары басқа ұлтқа тисе, бәрі сынап, ұрсып шығады. Ер бала үйленсе +1 келін бола ма?», – деп, қоғамда аралас некелерге қатысты қосарланған стандарт барын ашық жазды.
Бұл оқиға тек дәстүрдің шетелде жалғасуы ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы көзқарастар мен пікір қайшылығын да көрсетті.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова