6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖаңасібірде келіні енесінің мойнына пышақ сұғып өлтіріп, бесінші сынып оқитын ұлын жарақаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Telegram-арнасының хабарлауынша, Жаңасібірде 11 қараша күні 42 жастағы әйел 85 жастағы әжесімен бірге тұратын баласын көруге барған. Баласына қараушы болып жүрген енесімен сөзге келіп қалған ол зейнеткердің мойнына пышақ сұғып алған. Ауыр соққыдан енесі сол жерде жан тапсырады. Жантүршігерлік оқиға 5-сынып оқитын ұлының көзінше болды. Анасын тыныштандыруға тырысқан жасөспірім де жарақат алғаны айтылды.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі балаға шұғыл көмек көрсетті. Жасөспірім жақ сүйегі тұсынан пышақ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.
Баланың анасы қамауға алынды. Полиция "адам өлтіруге оқталу" және "адам өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі