Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҮндістанның солтүстігіндегі Джамму мен Кашмир аймағында болған террорлық шабуыл салдарынан кемінде 28 адам көз жұмды. Бұл туралы The Hindu басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда, аймақ басшысы Омар Абдулланың айтуынша, қаза тапқандардың нақты саны әзірге ресми түрде расталмаған. Қазір өңірде лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізілуде.
Қанды оқиға туристер көп жиналатын Пахалгам қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қарулы содырлар топтанып бейбіт халыққа оқ жаудырған.
Бұл соңғы жылдардағы бейбіт тұрғындарға жасалған ең ірі шабуыл, – деп жазды Омар Абдулла әлеуметтік желідегі парақшасында.
Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Пахалгамдағы терактіні қатаң айыптап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және жараланғандарға тез сауығып кетуді тіледі.
Бұл жантүршігерлік әрекетті ұйымдастырғандар жауапсыз қалмайды! (...) Біз терроризмді түп-тамырымен жоюға бел буып отырмыз, – деп мәлімдеді Моди әлеуметтік желідегі үндеуінде.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те, Үндістанда ресми сапармен жүріп, үнді халқына қайғырып көңіл айтты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары