Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМаңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы («Лабақ батыр») қазақ күресінен елдің басты додасы - Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінде жеңімпаз атанды. Ол жарысқа алғаш рет қатысып, бірден алтын белбеуді иеленді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Жартылай финалда маңғыстаулық балуан Қостанай облысының өкілі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Алмас Жұмағалимен («Өтей») белдесті. Жантілек Нұртілепұлы қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алды.
Шешуші бәсекеде ол Жамбыл облысының өкілі, қазақ күресінен тәжірибелі балуан Ғалымжан Қырықбаймен («Барыс») кездесті. Бұған дейін «Қазақстан Барысы-2023» турнирінде топ жарған тәжірибелі спортшымен өткен тартысты белдесуде Жантілек Нұртілепұлы жеңіске жетіп, мансабындағы алғашқы Qazaqstan Barysy алтын белбеуін жеңіп алды.
Айта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы - биылғы турнирдің ең жас қатысушыларының бірі. Дебюттік жарысында қарсыластарының бәрінен басым түсіп, бас жүлдені иеленуі оның қазақ күресіндегі әлеуетін көрсетті.
Ал үшінші орын үшін өткен белдесуде Шымкент қаласының өкілі, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы Нұрсұлтан Қожагелдіұлы («Батыр») Қостанай облысының балуаны Алмас Жұмағалиден басым түсіп, қола жүлдеге ие болды.
Qazaqstan Barysy-2026 жеңімпазына алтын белбеумен бірге 15 миллион теңге ақшалай сыйлық табысталды. Күміс жүлдегер күміс белбеу мен 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегер қола белбеу және 1,5 миллион теңге алды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары