13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Түркістан облыстық «Оңтүстікфильм» КММ-нің директоры, «Сақ» киностудиясының бас режиссері, танымал аниматор Батырхан Дәуренбековпен және шығармашылық ұжымның бас әкімгері Нұрбақыт Байысбекпен кездесті.
Әңгіме барысында Жансейіт Қансейітұлы ҚХА-ның қоғамдағы саяси тұрақтылық пен этносаралық қарым-қатынасты нығайту барысындағы жұмыстарына тоқталып, елдік рух пен патриоттық сезім қалыптастыруда отандық кинематографияның рөлі туралы ой бөлісті.
Сондай-ақ көне тарихымыз бен рухани құндылықтарымызды түгендеп, салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын, жастарды еңбекке баулып, ұлттық бірлікті арттыратын жобаларды көбейтудің маңыздылығына тоқталды.
Естеріңізге сала кетсек, 2017-2018 жылдар аралығында «Сақ» киностудиясы сол уақыттағы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырысы мен идеясының негізінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бірнеше анимациялық фильмдер мен тарихи туындылардың түсірілімдерін жүзеге асырған болатын.
Атап айтқанда, «Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт», «Оқсыз оқиғасы», «Түркістан», «Ордабасы – бірлік туы» анимациялық фильмдері, «Төле би» тарихи фильмі, «Көне жетігеннің сыры» көркем фильмі.
Қазіргі сәтте 10 сериялы «Төле би» тарихи фильмі «Хабар» телеарнасынан көрсетілуде.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды