13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМемлекет басшысының Өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Анықтама:
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы дүниеге келді, филология ғылымының кандидаты, профессор. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті. 1993-1994 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары — ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы — Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 2016 жылдың қазанынан бері бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметін атқарып, 2018 жылдың 20 маусымынан бастап Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық», т.б. кітаптардың авторы. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
Оқи отырыңыз
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды