6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖексенбі, 14 мамырда таңертең қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Sports.kz порталының дерегі бойынша, Әлімханұлы мен Батлер жекпе-жегі Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті тікелей эфирде Хабар телеарнасынан көре алады.
Алдағы жекпе-жекте қос боксшы Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.
Жәнібек соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізген: ол британдық боксшы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жұдырық түйістіріп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Батлер желтоқсан айында америкалық Джошуа Конлимен (17-5-1, 11 КО) жекпе-жекте жеңімпаз атанған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі