Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыWBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Ресми! Бұйыртса, жекпе-жек 13 мамырда өтеді. Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық титулын екінші рет қорғайды. Қарсыласы канадалық Стивен Батлер. Жасы 27-де. Рекорды: 32 жеңіс, 3 жеңіліс. WBO рейтингінде 6 орындағы қарсылас. Тартысты кездесу күтіп тұр! Qazaq style-ға сәттілік! Жеңісті күнде жүздесейік!», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Жәнібек ең соңғы жекпе-жегін былтыр қарашада Лас-Вегаста өткізіп, төрешілердің шешімімен британдық боксшы Дензел Бентлиден басым түсті.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар