Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКәсіпқой бокстан орта салмақта WBC тұжырымында әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 KO) отандасы Хосе Бенавидесті (28-2-1, 19 KO) жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған жекпе-жек кіші Бенавидес пен Андраде арасындағы кездесудің андеркартында өтті. Бокс кеші Лас-Вегастағы Michelob Ultra Arena-да өтіп жатыр.
10 раундқа жоспарланған кездесу толық аяғына дейін болды. Төрешілер ұпай санымен жеңісті Чарлоға берді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 33-ші жеңісі болса, Хосе Бенавидестің үшінші жеңілісі.
Айта кетейік, бұған дейін Джермалл Чарло қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен кездесіп, оның қос белбеуін тартып алатынын жазған болатын. Сөйтіп, абсолютті әлем чемпионы болуға бір табан жақындаймын деген. Алайда, Жәнібек Чарлоны нокаутпен жеңетінін айтып, оның шақыртуын қабыл алды.
Сондай-ақ, бұл салмақта тағы бір қазақ боксшысы бар екенін ұмытпаған жөн. Мейірім Нұрсұлтанов жуырда ғана Ташкентте өткен бокс кешінде Чили боксшысын жеңіп, Чарломен жұдырықтасуға міндетті қарсылас атанған еді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?