23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күні WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 42 жастағы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салынатын жекпе-жекке қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Екі боксшының айқасы 6 желтоқсанда (UTC−5) Сан-Антониода (Техас штаты) өтеді. Сол кештің басты айқасы Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек болмақ.
Отандасымыз соңғы жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, Ануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалды. Айта кетсек, қазақстандық боксшы IBF чемпионы атағын екі жыл бұрын, ал WBO белбеуін оған дейін бір жыл бұрын иеленген еді.
Кубалық боксшы өткен жылдың қыркүйегінен бері рингке шыққан жоқ. Сол кезде ол екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион, америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) техникалық нокаутпен жеңген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік