6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОрта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының германиялық Винченцо Гуальтьеримен болған айқаста қанша сыйақы алғаны айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, «Қазақ стилінің» сыйақысы 400 мың долларды құрайды, ал егер ақылы трансляциялар құны 500 мың доллардан асса, Жәнібек 1,5 миллион доллар табыс табады.
Дегенмен бұл ресми сан емес, себебі ұйымдастырушылар да, жергілікті спорттық комиссия да боксшылардың шынайы сыйақысының көлемін жариялаған жоқ.
Бұған дейін тілші Дэн Рафаэль Әлімханұлымен айқаста Гуальтьери 750 мың доллар табады дегенді мәлімдеген. Ал өзге дереккөздер немістің сыйқасы бір миллион долларға жетуі мүмкіндігі айтылған.
Айта кетейік, Жәнібек АҚШ-та өткен айқаста қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, екі белбеуге иелік етті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі