28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар«Қазгидромет» РМК 27-29 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, бірқатар өңірде нөсер жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мамандардың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді. Соның салдарынан көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің күшеюі, кей жерлерде бұршақ жаууы да болжанып отыр.
Ең қолайсыз ауа райы республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстік облыстарында күтіледі. Бұл аймақтарда қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға ауа райының өзгерісін ескеріп, алыс жолға шығарда сақтық шараларын қабылдау ұсынылады.
Алдағы күндері температуралық режим де өзгереді. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы төмендеп, күндіз +18…+26 градус шамасында болады. Солтүстік облыстарда күндізгі температура +22…+30 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік өңірлерде соңғы күндері байқалған аптап ыстық біршама бәсеңдейді. Дегенмен ауа температурасы әлі де жоғары болып, күндіз +28…+38 градус аралығында сақталады.
Ал шығыс, солтүстік-шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде ыстық ауа райы өзгеріссіз қалады. Бұл аймақтарда күндіз ауа температурасы +33…+38 градусқа дейін көтерілсе, жекелеген аудандарда +40 градусқа дейін жетуі ықтимал.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Найзағай кезінде ашық алаңда ұзақ болмау, қатты жел кезінде ағаштар мен жарнамалық конструкциялардың маңынан аулақ жүру, ал аптап ыстық сақталатын өңірлерде күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеу және сұйықтықты көбірек тұтыну ұсынылады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?