6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазгидромет болжамына сәйкес, 20-22 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронттар қалыптастырады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.
Қатты жаңбыр бірқатар өңірді қамтиды. 20 тамызда жауын-шашын Қазақстанның орталық бөлігінде, 21 тамызда шығысында, ал 22 тамызда елдің солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда күтіледі.
Батыста аптап ыстық сақталады
Жауын-шашынға қарамастан, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн ыстық болады. Мұнда күндіз ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық +41 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Оңтүстікте ауа температурасы +30…+38 градус аралығында болады. Қостанай облысында +20…+30 градус, солтүстік өңірлерде +17…+28 градус күтіледі.
Орталық және шығыс Қазақстанда күндіз ауа температурасы +17…+30 градус шамасында болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі