28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарФристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында хабарлады.
Әр басталған нәрсенің өз соңы бар.
Мен өз спорт түріме әуеде қалықтаудың ләззатын сыйлағаны үшін шексіз ризамын.
Бұл сезімді қатты сағынатын боламын!
Маған әлемді көру мүмкіндігін бергенің үшін рахмет. Рухы мықты, ерекше жандармен таныстырғаның үшін алғыс айтамын.
Командама барлық еңбегі мен қолдауы үшін, сондай-ақ менің спорттық жолымда бірге жүрген барша жанға үлкен рахмет!
Өз мансабымда әр деңгейдегі 125 жарысқа қатыстым: Үш қысқы Олимпиада ойындарына; Сегіз әлем чемпионатына; 54 Әлем кубогының кезеңіне; төрт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына.
Жалпы, 14 рет жеңімпаз атанып, 33 рет жеңіс тұғырына көтерілдім.
Өкінішке қарай, Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алу бұйырмады. Демек, Қазақстанда бұл тарихи жетістікке жететін спортшы мен емес болғаным ғой.
Дегенмен, еліміздің фристайл-акробатикасына үлкен үлес қосқанымды және осы спорт түрінде әзірге ешкім жетпеген нәтижеге қол жеткізгенімді мақтанышпен айта аламын (мақтанғаным емес, бұл шындық).
Мен Қазақстанда Олимпиада чемпионы шығатынына сенемін және соған үлкен үміт артамын.
Ал мансабымды аяқтауымның басты себебі – өткен маусымның желтоқсанында алған жарақатым (жамбасымның шығуы). Денсаулық мен үшін қазір бәрінен маңызды, – деп жазды Алдабергенова.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?