23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жаңатаста 10 тоннадан астам дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының полиция департаменті Жаңатас қаласындағы “Қазфосфат” ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетiн анықтап, тосқауыл қойды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды.
Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Зауыт қызметкерлерінің қатысуымен күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі көлемде ұрланған дизель отынын әкетiп отырған. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде 10 тоннаға жуық дизель отыны, сондай-ақ ЖЖМ тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған автокөлiктер мен арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі табылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік