Жаңалықтар

Жаңартылған Audi A3 таныстырылды: көлік бағдаршам алдында өзі тоқтайды

24.06.2026 12:18
Аян Қайырбаев
Фото: Audi

Audi компаниясы A3 модельінің жаңартылған нұсқаларын таныстырды. Жаңарту седан мен хэтчбекке, сондай-ақ спорттық RS3 нұсқасына да қатысты. Негізгі өзгерістер интерьер мен қауіпсіздік жүйелерінде жасалған, ал сыртқы келбеті іс жүзінде өзгеріссіз қалған.

Былғары жоқ, бірақ көміртекті талшық бар

Басты жаңалықтардың бірі – цифрлық панельдің жаңаруы. Бұрынғы екі бөлек экранның орнына жүргізушіге қарай иілген біртұтас дисплей орнатылған. Ол жаңа Audi Q3 моделінен алынған.

Экрандардың өлшемі 11,9 дюйм және 12,8 дюйм.

Салон әрлеуінің төрт нұсқасы ұсынылады, олардың арасында былғары жоқ:

  1. көміртекті талшық (карбон);
  2. Dinamica микроталшығы;
  3. жаңа Light Crepe тоқыма материалы;
  4. Impressum Black матасы.
Фото: Audi

Жүргізушінің әдетін үйреніп алады

A3 барлық жабдықталым деңгейлерінде (Tech, Tech Plus және Tech Pro) қолжетімді ADAS қауіпсіздік жүйелері кешенімен жабдықталған.

Негізгі жаңалықтар – 210 км/сағ жылдамдыққа дейін жұмыс істейтін бейімделетін круиз-бақылауы және жүргізушінің әдеттерін үйрену функциясы.

Круиз-бақылау жүйесі көлікті бір жолақтан екіншісіне ауыстыра алады және бағдаршамның тыйым салатын сигналы жанғанда өздігінен тоқтатады.

Электроника жүргізушінің қалауын зерттеп, жиі қолданылатын функцияларды автоматты түрде іске қосады. Мысалы автомагистральға шыққан кезде көлік интеллектуалды круиз-бақылауды қосуды ұсынуы мүмкін.

Қозғалтқыштар желісі өзгеріссіз қалды

Жаңартылған Audi A3 бұрынғы қозғалтқыштармен ұсынылады:

Гибридті модельдер электр қуатымен 143 шақырымға дейін жүре алады.

Бағасы мен сатылымға шығу мерзімі

Базалық A3 Sportback бағасы 31 850 еуродан басталады. Атап айтқанда: 

Ең қуатты RS3 моделі желідегі ең қымбат нұсқа болады.

Жаңартылған Audi A3 Еуропа нарығында 2026 жылдың қыркүйегінде сатылымға шығады.

Айта кетейік, Audi бұған дейін жол талғамайтын қасиеті күшейтілген жаңа буындағы A6 Allroad универсалын да таныстырған болатын.

Оқи отырыңыз