Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағанды облысында жасыл экономикаға көшу бағдарламасы аясында бірқатар жоба іске асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Қарағанды, Теміртау қалаларын газбен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Биыл газ тарату желілері 7,6 мың жеке тұрғын үйге жеткізілді. Сондай-ақ келесі жылдан бастап Qarmet негізгі өндірістерін газға көшіру жоспарлануда.
Биыл 35 мың гектарға жуық жер су үнемдеу технологияларын пайдалануда. Облыста қуаты 260 МВт жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 қондырғы жұмыс істейді. 2027 жылға дейін жалпы қуаты 650 МВт болатын 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осы жылы Осакаров ауданында жалпы қуаты 150 МВт жел электр стансасын салу жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ Теміртау қаласында, Қарқаралы және Шет аудандарында жел электр стансаларын орнату бойынша жобаларды іске асыру жоспарланған, – деді Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі