Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Жапонияның оңтүстігінде, Кагосима шығанағы маңындағы түбекте орналасқан Сакурадзима жанартауы тағы да атқылап, өңірге қауіп төндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мамандардың айтуынша, жанартаудың атқылауы жергілікті уақытпен түнгі 00:57-де тіркелген. Атылған күл бағаны 4,4 шақырымға дейін көтерілген. Бұл бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш десе де болады.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, жақын маңдағы елді мекендердегі нысандарға да айтарлықтай зиян келмеген.
Атқылаудан кейін жанартаудағы қозғалыс тоқтамай, белсенділік одан әрі жалғасып жатыр. Билік көрші аймақтарға күл мен түтін таралу қаупі бар екенін ескертіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Сакурадзима - бұл елдегі ең белсенді жанартаулардың бірі. Қауіпсіздік мақсатында 2016 жылдың ақпанынан бастап оның маңайына баруға рұқсат жоқ, ал жанартаудан екі километрден жақын аймаққа кіруге тыйым салынған.
Айта кетейік, жанартау орналасқан бұл түбек кезінде жеке арал болған. Алайда 1914 жылғы Жапония тарихындағы ең қуатты атқылаулардың бірінің салдарынан аққан лава шығыс жағалауды толтырып, аралды Осуми түбегімен жалғап жіберген.
Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр