29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлімізде бензин 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін, дизель отыны 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін қымбаттады. Бағаның қымбаттауына қатысты сарапшы Нұрлан Жұмағұлов пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ сарапшы бағаның көтерілуі еліміздің экономикасына қаншалықты әсер ететіні туралы айтып берді.
Елімізде соңғы рет жанармай бағасы 2021 жылдың күзінде қымбаттады. Содан кейін баға бүгін ғана өсіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстан дизель отынына тәуелді. Дегенмен Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда жанармай бағасы екі есе арзан. Тіпті, көрші елдеріміз Қырғызстан мен Өзбекстанда баға жоғары және оларда тапшылық байқалады. Сондықтан біздің еліміз көрші елдерді жанармаймен қамтып отыр дей аламыз, - деп атап өтті Нұрлан Жұмағұлов.
Оның айтуынша, жанармай бағасының 11% қымбаттағаны көп нәрсеге әсер етпейді. Тіпті, қарапайым халықтың қалтасына да ауыртпалық салмайды.
Бізде баға онсыз да арзан. Экспорттың бағасы 300 мың теңге болатын болса, жергілікті нарықта, өкінішке қарай, 90 мың теңгемен сатып жатады. Нарығымыздағы баға үш есе төмен. Не себепті Қашаған сыңды жобаның акционерлері жергілікті нарыққа мұнайды сатпайды? Себебі, олар жергілікті нарыққа оны сатқаннан пайданың үш есе аз болатынын біледі және түсінеді», - деді Нұрлан Жұмағұлов.
Сарапшының пайымынша, жанармай бағасының қымбаттауы ауылшаруашылығына күш түсірмейтінін қадағалау керек.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек