8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Қазақстанда бензин бағасы жазда тағы қымбаттай ма? Жанармай құны бірден 100 теңгеге өсуі мүмкін бе? Бұл сұрақтарға Мәжіліс кулуарында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жауап берді.
Журналистер министрден «бензин бағасының өсу шегі бар ма және оның құны бірден 100 теңгеге қымбаттауы мүмкін бе?» деп сұрады.
Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, мемлекеттік реттеу алынып тасталғаннан кейін жанармай бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады.
Мендегі ақпарат бойынша, баға шамамен 3-4 теңгеге ғана өсті, – деді министр.
«Жаздың соңына дейін жанармай бағасының өсу үрдісі жалғаса ма?» деген сауалға да министр мемлекет енді бағаны тікелей реттемейтінін айтты.
Біз нарықты реттемейміз. Егер нарық қатысушылары бағаны 3-4 теңгеге көтеруді әділ деп есептесе, онда баға өзгереді, – деді ол.
Сонымен қатар министр бензин құнының бірден 100 теңгеге қымбаттауы туралы болжамдарды негізсіз деп санайды.
Мен олай болады деп ойламаймын. Нарықтағы баға деген ұғым бар. Қазіргі уақытта мұнай бағасы шарықтап кеткен жоқ, шамамен барреліне 93,5 доллар деңгейінде тұр. Қазақстандықтарды тыныштандырғым келеді: Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр және ахуалдың күрт өзгермеуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, – деді ведомство басшысы.
Еске салсақ, 2025 жылы Энергетика министрлігі жанармай бағасына қатысты бағдарлық шектеулер енгізген болатын. Соған сәйкес АИ-92 бензинінің литрі 213-239 теңге, ал дизель отыны 317-337 теңге аралығында болуы тиіс еді. Осы шаралардың арқасында өткен жылы және 2026 жылдың алғашқы айларында жанармай бағасы салыстырмалы түрде тұрақты сақталды.
Алайда биыл сәуір айында АИ-92 бензинінің бағасын өсіруге қатысты мораторий аяқталды. Осыдан кейін баға саясатының қалай өзгеретіні жөнінде энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов та пікір білдірген еді.
Ол министрлік жанармай бағасының күрт көтерілуін күтпейтінін, бірақ біртіндеп қымбаттау мүмкіндігін жоққа шығармаған.
Мұндай жағдай бұған дейін де болған. Жанар-жағармай нарығын кезең-кезеңімен ырықтандырғанда да баға бірден шарықтап кеткен жоқ. Бұл Энергетика министрлігінің ғана емес, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, әкімдіктердің және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі, – деген болатын вице-министр Үкіметтегі брифингте.
Сондай-ақ ол мемлекет нарықтағы негізсіз табыс табу әрекеттеріне жол бермеу үшін бақылауды жалғастырып отырғанын атап өтті.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін