2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2025 жылдың тамыз айында жанармай құны тағы қымбатады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дизель отынының қымбаттауы
Астанада АИ-92 бензинінің литрі 225-228 теңгеге жетті. Шілдеде бұл көрсеткіш 217-221 теңге аралығында болған. Алматыда баға 221-227 теңге болса, Қарағандыда – 222-227 теңге, Қостанайда – 222-224 теңге. Шымкентте салыстырмалы түрде өсім баяу: шілдеді 202-210 теңге болса, тамызда 206-213 теңгеге көтерілген.
АИ-95 бензині айтарлықтай қымбаттады. Астанада литрі 266-287 теңге тұрса, Алматыда 290 теңгеге дейін жеткен. Қарағандыда шамамен – 280 теңге, Қостанай мен Павлодарда 265-272 теңге аралығында. Ең жоғары баға – Алматыда, литрі – 345 теңге.
АИ-98 бензині де өскен. Алматыда литрі 340-345 теңге, Астанада – 314-330 теңге, Қарағанды мен Өскеменде – 300-303 теңге шамасында.
Дизель отыны бүкіл ел бойынша қымбаттап отыр. Астана мен Алматыда литрі 319-323 теңге, Қарағанды мен Қызылордада – 317-322 теңге, Атырауда – 321 теңгеге дейін.
Газ бағасы әзірге тұрақты
Сұйытылған газ әлі де ең қолжетімді жанармай түрі болып отыр.
Алматы, Астана, Қарағанды және Қостанайда литрі 106-112 теңге. Шымкентте – шамамен 102 теңге, ал ең арзан баға Оралда тіркелген: небәрі 64-77 теңге.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс