Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мұнай өнімдері ішкі нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады.
Комиссия «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ға өңірлерге ЖЖМ-ді басымдықпен жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Қаржылық мониторинг агенттіктеріне ЖЖМ бағасын белгіленген шектен асыру фактілеріне және бәсекеге қабілетсіз іс-әрекеттерге жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.
Айта кетейік, мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мәселесі – Үкіметтің ерекше бақылауында.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс