6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖаңаөзендік футболшылар SOCCA 2025 Еуропа чемпионатында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
4-8 маусым күндері Кишинев (Молдова) футболдан әуесқойлар арасында SOCCA 2025 Еуропа чемпионаты өтеді. Бұл байрақты бәсекеде ел командасының намысын қорғауға аттанған ұлттық құраманың қатарында Жаңаөзен қаласынан іріктелген 10 футболшы бақ сынайды.
Маңғыстау өңірінен шыққан спортшылардың халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысып, еліміздің намысын қорғауы – өңір спортындағы оң өзгерістердің айқын көрінісі болып отыр.
SOCCA чемпионаты – әлемнің түрлі елдерінен жиналған әуесқой футболшылар қатысатын беделді спорттық іс-шаралардың бірі. Чемпионат аясындағы Қазақстан құрамасының ойындары Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарлануда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі