Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖаңаөзендегі тұрғын үйде болған жарылыстан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендер саны да артқан. Бұған дейін 11 адам жарақат алғаны туралы жазып едік.
13 адам зардап шекті, соның ішінде 1994 жылы туған ер адам көз жұмды, екеуі жансақтау бөлімінде, - делінген мәліметте.
Ауруханаға бес адам жеткізілген.
Жаңаөзен қаласындағы 2-шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қирады.
Оқиға орнында Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық топ, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды