13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМаңғыстау облысындағы Жаңаөзен-Кендірлі тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасынан 10 адам қаза тапқан. Оның бесеуі кәмелетке толмаған,
Оқиға 16 маусым күні сағат 21:30 шамасында болған.
Осы оқиғаға байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы өңір тұрғындарына үндеу жасады.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, ескерткім келеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – көліктің қарсы бағытқа шығып кетуі. Кешегі қорқынышты апатты талдай отырып, «Toyota» көлігінің ішінде 8 адам болғанын атап өткім келеді. Егер ережелер сақталып, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, сондай-ақ балаларға арналған орындықтар пайдаланылса, онда көлікке тек 4 адам ғана сыяды. Ал, апат болған жағдайда бұл құралдар адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін. Осы жол-көлік оқиғасындағы екінші көлік – «Duster» автокөлігінің жүргізушісі бір ай бұрын қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ескерту алып, айыппұл салынған. Осыған байланысты жол қозғалысы ережелерін сақтауды және өз өмірлеріңіз бен балаларыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын! – деді үндеуінде полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды