Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстандағы «Eni» компаниясының басшысы Сегер Хойтинкпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, ірі жобаларды іске асыру барысын және инвестиция тарту мәселелерін талқылаған.
Атап айтқанда, Қашағанды одан әрі игеру туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар негізгі жобаларда қазақстандық қамтуды арттыру мәселелері қаралды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша NCOC-дың сатып алуларындағы жергілікті тауар өндірушілердің үлесі 62% ($656 млн) құрады. Қазіргі уақытта оператор жергілікті қамтуды дамытудың жаңа ұзақ мерзімді бағдарламасын дайындауда.
Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өңдейтін зауыт салу перспективалары қаралды. ҚМГ басшысы жобаның маңыздылығын және оны уақтылы іске асыру қажеттігін атап өтті.
Тараптар Жаңаөзен қаласындағы гибридті электр станциясының жобасын іске асырудың ағымдағы жағдайын талқылады. Қазіргі уақытта жоба аясында жабдықтар жеткізіліп, күн паркінің құрылысы басталды.
«ҚазМұнайГаз» еліміздің сенімді серіктесі «Eni» компаниясымен көпжылдық жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Біз барлық бағыттар бойынша табысты өзара іс - қимылды жалғастыруға сенімдіміз, - деді А. Хасенов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары