Жаңаөзендегі апат: Әкімдік жарылыс туралы хабардар болған

19 Сәуір 2023, 14:40 1036

Жаңаөзенде апат болғанға дейін бірнеше күн бұрын әкімдікке газ жарылысы орын алуы мүмкін деген ақпарат жеткізілген, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жаңаөзен тұрғындарының айтуынша, апат болар алдында бірнеше күн бұрын әкімдікке газдың иісі шығатынын хабарлаған, бірақ оған көңіл бөлінбеген.

Бұл мәселе жөнінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жауап берді.

Бұл жөнінде мен де естідім. Нұрлан деген азаматтың інісі қайтыс болды. Ал ағасы жансақтау бөлімінде жатыр. Ол апат болған үйдің қасында газ бөлу қондырғысы тұрғанын айтқан еді. Көшеге дейінгі ортақ қысымды газ желілеріне жеткізетін жерінің үстінен су құбырын өткізген. Соны салып жатқан кезде ағасы: «Су құбырын өткізген кезде газ құбырына зақым келеді, сосын газ шығуы мүмкін, салдарынан жарылыс болуы да мүмкін» деп ескертіпті. Оны қазіргі таңда құрылған комиссия егжей-тегжейлі тексереді. Комиссияның құрамындағы өрт сөндірушілер, төтенше жағдайлар мамандары, прокуратура барлық мемлекеттік органдар себебі неде болғанын анықтайды, - деді әкім.

Еске сала кетейік, 17 сәуірде Жаңаөзендегі екінші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Жарылыс кезінде ғимаратта 17 адам болғаны белгілі болды. Салдарынан 4 адам көз жұмды. «ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді.

Миражан Махан
Бөлісу: