6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖаңаөзен қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылып, салдарынан кіреберіс опырылып қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға бүгін, 17 сәуірде, таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде болған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған, - делінген мәліметте.
Үйдің жалпы ауданы 600 шаршы метр. Абырой болғанда, оқиға орнында өрт болған жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталуда, - делінген.
Үйіндіні ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық топ, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері жұмылдырылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі